МаксиГриппин® для детей (Натур Продукт Европа Б.В)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Балаларға арналған МаксиГриппин®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Көпіршитін таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: 250,00 мг парацетамол, 3,00 мг хлорфенамин малеаты, 50,00 мг аскорбин қышқылы
қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, лимон қышқылы, сорбитол, повидон, натрий сахаринаты, натрий карбонаты, макрогол, кремнийдің қостотығы, хош иісті «Қызыл жеміс» жеміс қоспасы.
Сипаттамасы
Жеміс иісі бар, ретсіз орналасқан, ақшылдау және күңгірттеу дақтары бар қызғылт түсті, бір жағында бөлетін сызығы және шеті кертілген, жайпақ, дөңгелек таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Анальгетиктер. Басқа да анальгетиктер және антипиретиктер. Анилидтер. Парацетамол басқа препараттармен біріктірілімде (психолептиктерді қоспағанда).
АТХ коды N02BE51
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Парацетамол пероральді қабылдағаннан кейін тез және толық дерлік (95%) сіңіріледі, қан плазмасындағы шектік концентрацияларына қабылдағаннан кейін 30-60 минут ішінде жетеді. Биожетімділігі шамамен 80%, плазма ақуыздарымен байланысуы – 20%, жартылай шығарылу кезеңі - 2-2,5 сағатты құрайды. Парацетамол негізінен бауырда метаболизденеді, метаболиттері көбінесе несеппен шығарылады.
Хлорфенамин пероральді қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолынан баяу сіңіріледі, сіңірілу деңгейі 80% құрайды, қан плазмасындағы шектік концентрацияларына 2,5-6 сағат ішінде жетеді. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысу деңгейі 45% құрайды. Хлорфенамин көбінесе бауырда метаболизденеді, өзгермеген препарат және оның метаболиттері несеппен шығарылады, жартылай шығарылу уақыты - 30 сағат.
Аскорбин қышқылы ішекте тез сіңіріледі. Сіңірілгеннен кейін С витамині қанға тез өтіп, организмнің барлық тіндеріне таралады. С витаминінің тіндердегі және лимфоциттердегі концентрациясы оның қан плазмасындағы концентрациясынан он есе көп. Өзгермеген күйде және метаболиттер түрінде несеппен шығарылады. Физиологиялық дозаларда ішке қабылдағанда негізгі метаболиті қымыздық қышқылы (55%) болып табылады.
Фармакодинамикасы
МаксиГриппин® – біріктірілген препарат, ауыруды басатын, ыстық түсіретін әсер береді, суық тию ауруларында және тұмауда көзден жас ағу, тұмаурату симптомдарын жояды, жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығының ісінуін төмендетеді.
Парацетамол – анальгетик-антипиретик. Гипоталамуста простагландиндер синтезін бәсеңдету арқылы ауыруды басатын және ыстық түсіретін әсер көрсетеді. Қабынуға қарсы әлсіз белсенділікке ие.
Хлорфенамин малеаты Н1 гистаминді рецепторлардың бөгегіші болып табылады. Аллергияға қарсы әсері бар, жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығының ісінуін төмендетеді, көзден жас ағу және тұмауратуды жояды.
Аскорбин қышқылы (С витамині) суық тиюді қоса вирустық аурулар кезінде болатын С витамині жоғалуының орнын толтыра отырып, әдетте суық тиюге қарсы компоненттер біріктіріліміне кіреді. Аскорбин қышқылы антиоксиданттарға жатады, көптеген метаболизмдік үдерістерге, соның ішінде көмірсулар, ақуыздар мен липидтердің алмасуына қатысады. Аскорбин қышқылы иммун жүйесі функциясын демеу үшін қажет, тамырлар өткізгіштігін қалыпқа келтіреді, тотығу-тотықсыздану үдерістерін реттеуге, коллаген синтезіне және тіндер регенерациясына қатысады, гистаминнің босап шығарылуын тежейді және ыдырауын жылдамдатады, простагландиндер және қабыну мен анафилаксияның басқа да медиаторлары синтезін бәсеңдетеді.
Қолданылуы
- температураның жоғарылауымен, қалтыраумен, бас ауыруымен, буындар мен бұлшықеттердің ауыруымен, мұрын бітелумен және тамақ ауыруымен қатар жүретін суық тию және тұмау симптомдарында.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке. 3-тен 5 жасқа дейінгі балаларға 1/2 таблеткадан тәулігіне 2 рет. 5-тен 10 жасқа дейінгі балаларға 1 таблеткадан тәулігіне 2 рет. 10-нан 15 жасқа дейінгі балаларға 1 таблеткадан тәулігіне 2-3 рет. Таблетканы бір стақан (200 мл) жылы суға толық ерітеді (50-60 0С) және алынған ерітіндіні бірден ішу керек. Препаратты тамақ ішудің арасында қабылдау керек. Ең жоғары тәуліктік доза – 3 таблетка. Препаратты қабылдау аралықтары 4 сағаттан кем болмауы керек.
Бауыр немесе бүйрек функциялары бұзылған пациенттерде препаратты қабылдау аралығы 8 сағаттан кем болмауы тиіс.
Ауыруды басатын дәрі ретінде тағайындағанда дәрігердің кеңесінсіз қабылдау ұзақтығы 5 күннен және ыстық түсіретін дәрі ретінде 3 күннен аспауы тиіс.
Жағымсыз әсерлері
- бас ауыруы, шаршау сезімі
- жүрек айнуы, эпигастрий аумағының ауыруы
- гипогликемия
- анемия, гемолитикалық анемия (әсіресе глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар пациенттер үшін)
- тері бөртпесі, қышыну, есекжем, Квинке ісінуі, анафилактоидтық реакциялар
- ыстықты сезіну, ауыздың құрғауы, ұйқышылдық
Препараттың барлық жағымсыз әсерлері туралы дәрігерге хабарлау керек.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- парацетамолға, аскорбин қышқылына, хлорфенаминге немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
- құрамында парацетамол бар басқа препараттарды бір уақытта қабылдау
- асқазан-ішек жолының эрозиялық-ойық жаралы зақымданулары (асқыну фазасында)
- айқын бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі
- алкоголизм
- жабық бұрышты глаукома
- 3 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік және лактация кезеңі
Сақтықпен: бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі, глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы, туа біткен гипербилирубинемия (Жильбер, Дубин-Джонсон және Ротар синдромдары), вирустық гепатит, алкогольдік гепатит, егде жас.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
МаксиГриппинді® бір уақытта қолдануға болмайды:
- құрамында парацетамол бар басқа препараттармен, орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілермен: антидепрессанттармен, паркинсонизмге қарсы дәрілермен, психозға қарсы дәрілермен (фенотиазин туындылары) – жағымсыз әсерлерінің (несептің іркілуі, ауыздың құрғауы, іш қату) даму қаупі артады, амфетаминдермен және үш циклді антидепрессанттармен – олардың өзекшелік қайта сіңірілуі төмендейді
- глюкокортикостероидтармен – глаукома даму қаупі артады
- изопреналинмен – оның хронотроптық әсері төмендейді
- дифлунисалмен –қан плазмасындағы парацетамол концентрациясы 50%-ға жоғарылайды, оның гепатоуыттылығы күшейеді
- барбитураттармен – парацетамолдың тиімділігі төмендейді, аскорбин қышқылының несеппен шығарылуы күшейеді
- микросомальді тотығу тежегіштерімен (фенотоин, барбитураттар, рифампицин, фенилбутазон, үш циклді антидепрессанттар, циметидин) –гепатоуытты әсер ету қаупі артады
- этанолмен –антигистаминді препараттардың тыныштандыратын әсері және парацетамолдың жағымсыз әсерлері күшейеді (жедел панкреатит дамуы).
Парацетамол урикозуриялық препараттар тиімділігін төмендетеді, ал зидовудинмен бір уақытта қолданғанда олардың уыттылығын арттырады (гранулоцитопения).
Аскорбин қышқылын төмендегілермен бір уақытта қолданғанда:
- пенициллинмен – оның сіңірілуі артады
- гепаринмен және тікелей әсер етпейтін антикоагулянттармен (варфаринмен) – олардың әсері әлсірейді
- салицилаттармен –кристаллурия пайда болу қаупі артады
- пероральді контрацептивтермен – қан плазмасындағы аскорбин қышқылының концентрациясы төмендейді
- темір препараттарымен – темірдің сіңірілуі артады, бұл оның уыттылығының жоғарылауына әкелуі мүмкін
- ацетилсалицил қышқылымен – аскорбин қышқылының сіңірілуі төмендейді.
Айрықша нұсқаулар
Ұсынылғаннан едәуір асатын дозада ұзақ қолданғанда қанның шеткергі көрінісін бақылау қажет, бауыр мен бүйрек функциясының бұзылу ықтималдығы артады.
Парацетамол мен аскорбин қышқылы зертханалық зерттеулері көрсеткіштерін бұрмалауы мүмкін (қан плазмасындағы глюкоза және несеп қышқылы мөлшерін, билирубинді, «бауыр» трансаминазалары белсенділігі мөлшерін анықтау).
Бауырдың уытты зақымдалуын болдырмас үшін парацетамолды алкогольді сусындарды қабылдаумен үйлестірмеу керек, сондай-ақ, алкогольді үнемі қолдануға бейім адамдарға қабылдауға болмайды. Бауыр зақымдалуының даму қаупі алкогольді гепатозы бар науқастарда артады.
Жылдам пролиферацияланатын және қарқынды метастазданатын ісіктері бар пациенттерге аскорбин қышқылын тағайындау үдеріс ағымын ушықтыруы мүмкін. Организмінде темірдің мөлшері жоғары пациенттерде аскорбин қышқылын ең төменгі дозаларда қабылдау керек.
Артық дозалануы
Симптомдары: тері жабындарының бозаруы, анорексия, жүрек айнуы, құсу; гепатонекроз (некроздың айқындалуы артық дозалану дәрежесіне тікелей байланысты). Ересектерде препараттың уытты әсері 10-15 г артық парацетамолды қабылдағаннан кейін болуы мүмкін: «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы, протромбиндік уақыттың артуы, бауыр зақымдалуының толық клиникалық көрінісі 1-6 күннен кейін білінеді. Бауыр функциясының бұзылуы сирек шұғыл сипатта дамиды және бүйрек жеткіліксіздігімен асқынуы мүмкін (тубулярлық некроз). Хлорфенаминнің артық дозалану көріністері де болуы мүмкін: бас айналу, қозу, ұйқының бұзылуы, депрессия, құрысулар.
Емі: препаратты қабылдауды тоқтату, асқазанды шаю, белсендірілген көмір қабылдау. Ары қарайғы емдік шараларды емдеу мекемесі жағдайында жүргізуге болады: артық дозаланудан кейін 8-9 сағат өткен соң SH-тобының донаторларын және глутатион – метионин синтезі ізашарларын және 12 сағаттан соң N-ацетилцистеинді енгізу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Көпіршитін таблеткалар
Пластик пеналда 10 таблеткадан немесе баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада 6 таблеткадан.
1 пеналдан немесе 5 пішінді ұяшықсыз қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
10°-30°С температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Натур Продукт Еуропа Б.В.
Твейберг 17, 5246 XL Розмален,
Нидерланды
Тіркеу куәлігінің иесі
«Валеант» ЖШҚ, Ресей
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Қазақстан Республикасындағы «Валеант» ЖШҚ өкілдігі
050059, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 17 үй,
«Нұрлы-Тау» бизнес орталығы, 4Б блок, 1104 кеңсе
тел: + 7 7273 111 516; факс: + 7 7273 111 517,
e-mail: Office.KZ@valeant.com